Исатайлық іскер әйелдер аудан кәсіпкерлерімен кездесіп, алғыстарын айтты

Алғыс айту күні мерекесі қарсаңында Исатай аудандық кәсіпкерлік палатасы жанынан құрылған Іскер әйелдер кеңесі мүшелері бірқатар кәсіпкерлермен кездесті.

Кеңес төрайымы Ақкүміс Қапсихқызы бастаған топ Аққыстау және Тұщықұдық ауылдық округтеріндегі кәсіпкерлік нысандарды аралап, кәсіп иелерімен жүздесіп, мерекемен құттықтады. Кездесу барысында кәсіпкерлерге жылы лебіздерін білдірген кеңес мүшелері оларға облыстық кәсіпкерлер палатасы басшысының алғыс хатын және естелік сыйлықтарын табыстады.

- Шуақты көктемнің алғашы мерекесі – Алғыс айту күнінде барша жұрт бір-біріне жылы лебіздерін білдіріп, өз алғыстарын жаудырып жатыр. Сол үрдісті біз де жалғастырып, мереке қарсаңында ауданымыздың бірқатар кәсіпкерлік нысандарын аралап, кәсіпкерлерге өз алғысымызды білдірдік. Әрине, бүгінде аудан тұрғындарына сапалы қызмет көрсетіп жүрген кәсіпкерлердің қай-қайсысы да алғысқа лайық. Сондықтан, олардың еңбегі дәл осы күні елеусіз қалмағаны дұрыс, - дейді «Іскер әйелдер кеңесі» төрайымы Ақкүміс Қапсихқызы.

Алғысқа бөленген кәсіпкерлер де көрсетілген құрметке ризашылықтарын жеткізді.

Кеңес төрайымы Ақкүміс Қапсихқызы бұндай игі істер алдағы мерекелік күндерде де жалғасын табатынын айтты.

Әділбек СЫРЫМОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521