Исатайлық кәсіпкерлер зағиптарға азық-түлік таратты

Халықаралық зағиптар күніне орай бір топ жергілікті кәсіпкерлер ауданымыздағы мүмкіндігі шектеулі зағип жандарға азық-түлік себеттерін таратты.

Исатай ауданының кәсіпкерлері бұған дейінде зағип жандардан бөлек, әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға да өз көмектерін көрсетіп жүр.

zagip-min

- Адамға жақсылық жасау, қайырымдылық көрсету – халқымыздың мақтан етерлік дәстүрлерінің бірі. Бүгінде жаны жомарт азаматтар бізге қол ұшын беріп, азық-түлік пакетін әкеліп жатыр. Жомарт болу – өзіңде барды зәру адаммен шын жүректен бөлісу. Осындай жомарт азаматтарға мүмкіндігі шектеулі жандардың атынан риясыз ризашылығымды білдірем, - деді қолы ашық жандарға разы болған «Көз жанары» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Тәрен Нұрғалиев.

Зағип жандарды қуанышқа бөлеген аудан кәсіпкерлері алдағы күндерде мүмкіндігінше тұрмысы төмен және мүмкіндігі шектеулі зағип жандарға көмектерін көрсететін жеткізді.

Әділбек СЫРЫМОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521