Исатайлық мектеп директоры парасатты басшы танылды

Атырауда «Парасатты мектеп басшысы» атты облыстық байқауы өтті.

Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті, облыстық ішкі саясат басқармасы және «Атырау - адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің ұйымдастыруымен өткен сайыс үш кезеңнен тұрды.

Бұл сынға облысымыздың жеті ауданы мен бір қала мектебінің директорлары қатысты. Үш кезеңнен тұрып, қатысушылардың біліктіліктерін сынға салған шара қорытындысында жеңімпаздар да анықталды.

Байқаудың І орнын Исатай ауданындағы Жұмабай Мырзағалиев атындағы орта мектеп директоры Табила Исмагулова иеленді. Облыстың парасатты мектеп басшысы танылған жерлесімізге байқаудың бірінші дәрежелі дипломы мен бағалы сыйлығын ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Айдос Жанұзақұлы Мамыт табыс етті.

Жоламан ДӘУЛЕТИЯР

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521