Исатайлық мемлекеттік қызметшілер жеңімпаз атанды

Исатай аудандық жастар ресурстық орталығы, "JAS OTAN" жастар қанатының ұйымдастыруымен "Не? Қайда? Қашан?" зияткерлік ойыны өткізілді.

stog4

Халықаралық "ЧТО? ГДЕ? КОГДА?" телевизиялық жобасы нұсқасында өткен ойынға Аудан әкімдігінің мемлекеттік қызметшілерінен құралған "Mem.qyzmet.kz", "Жайық Мұнай Газ" МГӨБ жастарынан жиналған "Жайық жастары", аудандық емханадан "Денсаулық", аудандық мекеме жастарынан жинақталған "Оtan.kz", Жастар орталығы жанынан келген "Isatai Jastary" командалары қатысып, командалық ойын көрсете білді. "Mem.qyzmet.kz" және "Денсаулық" командалары І кезеңнен жеңімпаз атанып, қос команда арасында финалдық ойын өткізілді.

stog345

Тартысты өткен ойында "Mem.qyzmet.kz" командасы жеңіске жетті. Ұйымдастырушылар атынан жеңімпаздарға дипломдар мен естелік сыйлықтар табысталды. Кешті жүргізген облысымыздың белсенді жастары - Нұрлан Азаматов пен Ануар Жұмабай.

stogdec

Өз тілшіміз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521