Исатайлық отбасы облыстық байқаудан жүлдегер атанды

Атырау облыстық «Парасатты отбасы» онлайн байқауы карантиндік шектеу шараларына байланысты онлайн түрде өткізілді.

Байқау шартына сәйкес әр отбасы мүшелері парасатты отбасы құндылықтарын және сыбайлас жемқорлыққа қарсы ой-пікірлерін және өз отбасындағы ұстаным туралы бейнероликтерді әлеуметтік желілерді жариялап, әрбір қатысушыдан келген бейнероликтер қазылар алқасымен жеке-жеке сарапқа салынды. Былтыр байқауға 13 отбасы өтініш білдірсе, биыл олардың саны 25-ке жетті.

Байқаудың үздік деп танылған отбасылары 18 қараша күні Құрманғазы атындағы мәдениет сарайында марапатталды. Атап айтсақ, «Өнегелі» отбасы номинациясымен Индер аудандық Құрманғазиевтер отбасы, «Шебер отбасы» номинациясымен Индер ауданындағы үлгілі отбасылардың бірі Мендешевтер отбасы, «Ынтымақты отбасы» номинациясымен махамбеттік Талғатовтар отбасы марапатталды.

p

Ал, қазылар алқасы мүшелерінің шешімімен жүлделі ІІІ орынмен исатайлық Қарабалиндер отбасы және қызылқоғалық Берегеновтер отбасына бұйырса, ІІ орын қызылқоғалық Гафуриновтер және жылыойлық Төлеуовтердің отбасыларына беріледі. Ал, оқ бойы оза шапқан Бөкеновтер отбасы І орынмен марапатталды. Барлық марапатталушыларға дипломдар мен гүл шоқтары және естелік сыйлықтар табыс етілді.

Айта кетейік, байқауды ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті және «Атырау - адалдық алаңы» жобалық кеңсесі «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы» стратегиясын басшылыққа ала отырып, парасатты отбасы құндылықтарын насихаттау мақсатында ұйымдастырды.

Серікбол ПАНАБЕРДИЕВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT