Исатайлық полицейлер сәбилерге қуаныш сыйлады

Халықаралық балаларды қорғау күні мерекесі Исатай ауданында да аталып өтті.

Рас, жылда жоғары деңгейде тойланатын сәбилер мерекесі бұл жолы елдегі жағдайға байланысты әдеттегідей кең ауқымда аталмаса да, аудан бүлдіршіндері елеусіз қалған жоқ.

0

Бөбектерге қуаныш сыйлағандардың қатарында аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері де бар. Мереке күні тәртіп сақшылары Аққыстау және Тұщықұдық ауылдарының орталығында орналасқан балалардың ойын алаңына барып, сол жердегі ойын балаларына мерекелік тарту ретінде ертегі кейіпкерлерінің қатысумен түрлі ойындар ұйымдастырып, бүлдіршіндерге тамаша көңіл-күй сыйлады. Бұл жөнінде аудандық полиция бөлімінің әлеуметтік желідегі ресми парақшасында жарияланды. «Сонымен қатар, балмұздақ пен тәтті сусындар таратып, полиция бөлімі қызметкерлері мерекелерімен шын жүректен құттықтады» делінген хабарламада.

0

Бұған риза болысқан желі қолданушылары лүпіл басып, жағымды пікірлер қалдырды. Олардың бірқатары жасалған игі іске бас бармақпен баға берсе, енді бірі: «Әр бала бақытты болуға лайықты» деген сынды сәбилерге арнаған шынайы лебіздерін жолдап жатты.

0106pol

Серікбол ПАНАБЕРДИЕВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521