Мемлекет басшысы Жолдауының негізгі бағыттарын Исатай ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері назарына жеткізу мақсатында карантиндік режимдерді сақтай отырып, жиын өткізілді.
Жиынға аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Жадыра Жандолова, аудандық полиция бөлімі бастығының бірінші орынбасары Әлібек Сағындықов және полиция қызметкерлері қатысты.
- Президент Жолдауында «Жұртқа жақын полиция» қағидаты бойынша жергілікті полиция қызметінің мейлінше тұтас реформасын жасау қажеттігі жетіліп, осыған орай учаскелік инспектордың роліне баса мән берілетіндігін және учаскелік инспектордың мәртебесін заңнама арқылы арттырып, оның өнімді жұмыс істеуіне мол мүмкіндік берілетін болды, - деді жиында аудандық полиция бөлімі бастығының бірінші орынбасары Әлібек Сағындықов.
Оның айтуынша, қазіргі уақытта аудандық полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметі бөлімшесінде 11 учаскелік полиция инспекторы мен 2 көмекшісі қызмет атқаруда. Учаскелік полиция инспекторлары қызмет етуіне жағдай жасалуда, 8 автокөлікпен және жергілікті әкімдіктің қолдауымен 6 қызметтік тұрғын үймен қамтамасыз етілген. Кездесуде аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Жадыра Жандолова да Жолдаудың әр бағыты бойынша толыққанды ақпарат берді.
Айта кетейік, жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің учаскелік полиция инспекторлары өздеріне бекітілген әкімшілік аумақтарында қоғамдық орындар мен көшелерде жасалатын құқық бұзушылықтардың алдын алуда қызмет атқарып, халықпен тығыз қарым-қатынаста жұмыстар жүргізіп, нәтижесінде Исатай ауданы көлемінде тіркелген қылмыс саны (35-тен 30-ға) - 14,3% төмендеп, учаскелік полиция инспекторларының қатысуымен 18 қылмыс ашылған.
Серікбол ПАНАБЕРДИЕВ