Исатайлық пробация тобының қызметкерлері қарттарға азық-түлік үлестірді

Халықаралық қарттар күніне орай аудандық пробация қызметі тобы қарттарды құттықтап үйлерін аралап шықты.

Аудандық пробация тобының есебінде тұрған азаматтар жастар ресурстық орталығының мамандарымен бірлесе отырып, Аққыстау ауылындағы жалғызбасты қарттарымыздың үйлеріне барып, оларды мерекелерімен құттықтап, азық-түлік үлестірді. Қарияларымызды құрметтеп, ардақтау - біз үшін парыз. Қарттарымызды ұлықтайтын осындай игі іс-шараларымыз алға қарай да жалғасын таба бермек.

Өскелең ұрпаққа ұлағатты өсиетін айтып, ізінен ерген жас буынға ізетін аямайтын қарттар қашан да құрметке лайық. Халқымызды өзгелерден дара ететін бір ерекшелік те осы. Қарияларды құрметтеу, олардың сөзіне құлақ асу – бабадан балаға сіңген қасиет. Елімізде қазыналы қарттарға деген ықылас жыл сайын артып, мемлекет тарапынан оларға көрсетілетін көмектің көлемі де ұлғайып келеді.

Сая ӘДІЛЕТҚЫЗЫ,

Атырау облысы бойынша ҚАЖД аудандық пробация қызметі тобының аға инспекторы, әділет аға лейтенанты

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521