Исатайлық қайырымды жандар алғыс алды

18 наурыз күні Құрманғазы мәдениет сарайында Игі істер күніне орай Атырау облысының «Іскер әйелдер қауымдастығы» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастырумен үлкен шара өтті.

Аты айтып тұрғандай, игі істер бағаланатын шарада облыс әкімінің орынбасары Б.Хаменова «Қайырымдылық керуені» республикалық конкурсының бір топ қатысушыларына «Нұрсұлтан Назарбаев» қорының директоры Дариға Назарбаеваның Алғыс хатын табыстады.

Олардың арасында «Исатай қайырымды жандары» еріктілер тобының жетекшісі Роберт Гумаров та бар. Естеріңізде болса, індеттің өршіген тұсында Исатай ауданының қайырымды азаматтарынан құралған еріктілер тобы науқастар мен ақ халаттыларға, аз қамтылған, көпбалалы отбасыларға көмек қолын созған болатын.

«Қиын сәтте мұқтаждарға шын жүрегімен қол ұшын созған ауданымыздың қайырымды жандарына республикалық деңгейде марапат беріліп отыр. Бұл барша исатайлықтарға жасалған құрмет деп білемін» дейді Роберт Гумаров.

Серікбол ПАНАБЕРДИЕВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT