Исатайлық қайырымды жандар ауруханаға тыныс алу аппаратын сыйлады

Исатай қайырымды жандар еріктілер тобы аудандық стационарға оттегін концентраттайтын бір аппарат пен 10 пульсоксиметр тапсырды.

Ерікті Роберт Жасталапұлының айтуынша, тыныс алу аппараты Түркиядан «Айдың нұры» қоры арқылы келген. «Шұғыла» қорымен тағы да дәл осындай 4 оттегі концентраторына тапсырыс берілгенін айтқан ол аталған құрылғының жақын күндері аудандық стационарға табыс етілетіндігін айтты. Сонымен қатар аққыстаулық 1982 жылы туған азаматтар стационар мамандарына бес пульсоксиметр құралын ұсынды.

Дәрігерлер келген аппараттар мен сақтандырғыш құралдарын алдымен аудандық провизорлық стационарға, содан соң барлық ауылдық амбулаториялық пункттерге жолданатынын айтады.

Бұдан бөлек аз қамтылған аудан тұрғындарына азық-түлік пен тегін дәрі-дәрмек үлестіріп, елден алғыс арқалап жүрген еріктілер бұл жұмыстарының әлі де жалағасатынын жеткізді.

Серікбол ПАНАБЕРДИЕВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар
министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамырда тіркеліп, №17102-г куәлік берілген.

Редакцияның мекенжайы: Исатай ауданы,
Аққыстау ауылы, Егемен Қазақстан көшесі, 12-үй.

Байланыс телефондары: 8 (71 231) 2-01-68,
2-01-52, факс 2-01-68.

Электронды пошта: naryn_tany2009@mail.ru

Әлеуметтік желілеріміз