Исатайлық қайырымды жандар індетке қарсы күреске шықты

Күреске шыққандары сол, науқастарға жәрдемдесіп, халыққа жаудай тиген аты жаман аурумен болған арпалыста алдыңғы шептегі дәрігерлерге көмек беру мақсатында күш біріктірді.

Аққыстаулық белсенді Роберт Жасталапұлы мен қамысқалалық азамат, асаба Мақсот Ислаттың үндеуі арқылы жақсылықта жиылған ниеттес аудан тұрғындары уатсап желісінде ортақ чат ашып, желіде кеңескен жерлестер қайырымдылық мақсатында қаржы жиып, оны індетке қарсы күреске жұмсауды ұйғарды.

Бүгін олар аудандық провизорлық стационарға алғашқы көмектерін жеткізді. Бұл - басы ғана. Алда бұдан да үлкен жұмыстар бар. 

b

Роберт Жасталапұлы, Аққыстау ауылының тұрғыны, ерікті:

"Исатай ауданының қайырымды жандарынан құрылған еріктілерді қолдаған тұрғындарымыздың ауызбіршілігі арқасында бүгінде ауылымыздан игі шаралар қолға алынып жатыр. Бәрі қолдарынан келген көмектерін аяп жатқан жоқ.

Бүгін дәрігерлерге 200 дана бір реттік қорғаныш киімін әкеліп отырмыз. Оның 100 данасын 1982 жылы туған азаматтар жолдады. Сонымен қатар, 2 мың дана медициналық маска ала келдік. Алда жоспарымыз көп. Оның ішінде оттегі концентраторы аппараттары, сол секілді басқа да құрылғыларға тапсырыс беріліп қойды. Жақын күндері табыстайтын боламыз. Осындай қиын кезеңде жұдырықтай жұмылған исатайлықтарға алғысымыз шексіз".

3

Ботагөз Құлғалиева, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы:

"Бұл індет елге біраз ауыртпалық жүктеп отыр. Кеткен жандар иманды болсын, науқастарға Алладан шипа сұраймыз. Дегенмен, бірлесіп бұл індетке қарсы тұруымыз қажет. "Жұмыла көтерген жүк жеңіл" демекші, ауданның қайырымды азаматтары қаржы жиып, азаматтар соның шетінен қорғаныш заттарын алып, аудандық провизорлық стационарға табыстап жатыр. Бұған аудан ардагерлері де өз үлестерін қосты.

Алға қарай да бұл игілікті іс жалғасын табатын болады. Індет іргемізден кеткенше, тіпті одан кейін де жақсылықта жұмылып, бірлігімізден ажырамасақ екен".

Серікбол ПАНАБЕРДИЕВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521