Исатайлық қос палуан ел чемпионатына жолдама алды

Аудан спорты үшін жыл сәтті басталды. Қаңтар айының 14-15-і күндері аралығы Атырау қаласында дзюдо күресінен өткен облыс чемпионатында жас спортшыларымыз жоғары деңгейде өнер көрсетіп, ел біріншілігіне жолдама алды.

2004-2006 жылы туған жасөспірімдер арасында өткен облыс біріншілігінде бақ сынаған жас палуандар ел чемпионатына іріктелді. Атырау облысы аудандарынан 150-ге жуық спортшы қатысқан бәсекеде «Барыс» балалар-жасөспірімдер дене шынықтыру даярлық клубының шәкірттері де сынға түсіп, нәтижесінде қос спортшы жеңіс тұғырына көтерілді.

Атап айтар болсақ, Аққыстау орта мектебінің мақтанышы Қайырлы Шаттан 81 келі салмақ дәрежесінде мықтылығын дәлелдеп, жеңімпаз атанса, +70 келіде қыздар арасында қарсылас шақ келтірмеген Исатай орта мектебінің оқушысы Қадыр Нұрзила +70 келі салмақта І орын иеленді. Спортшылардың жаттықтырушылары Турар Ризуанов пен Тәукен Равиль шәкірттерінің алда өтетін Қазақстан чемпионатына жолда алғандарын айтады.

Айта кетейік, ел біріншілігі ақпан айында Ақтөбе қаласында өтеді.

Серікбол ПАНАБЕРДИЕВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521