Исатайлық шаруагерлер аудан басшыларымен кездесті

Исатай ауданы әкімінің орынбасары Қызыл үй каналының Дүтбай ашық су жинау қазаншұңқырында (котлован) бір топ шаруагерлермен кездесті.

Аудан әкімінің орынбасары Е.Абилхасымов жиналғандарға каналдарға су айдау мәселесі бойынша түсінік берді.

erce30

Шаруагерлердің негізгі ұсынысы ауа райына байланысты қазіргі уақыттағы каналға қосымша су айдау және алдағы уақытта каналдарға жөндеу жұмыстарын жүргізу болатын. Кездесуде «ҚазСуШар» РМК Атырау облыстық филиалының өкілі Б.Бисалиев шаруагерлер мен тұрғындардың Дүтбай қазаншұңқырына дейін су жеткізу мәселесі бойынша өз ұсынысын жеткізді. Каналдың беткі қабатында 30-40 см мұз қатқан, сондықтан мал су іше алмайды. Аталған мәселені шешу мақсатында «ҚазСуШар» РМК филиалы халықтың ұсынысына байланысты су айдау бойынша ортақ келісімге келді.

canal30

Су айдау жұмыстары 2021 жылдың қаңтарынан басталатыны және ұзындығы 23 шақырымдық Қызыл үй каналына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге 2020 жылы жобалық-сметалық құжаттамасы жасақталып, сараптаманың оң нәтижесі алынғаны туралы жиналғандарға хабарланды. Аудан әкімдігі тарапынан келесі жылға күрделі жөндеу жұмыстарына қажетті қаржы бойынша тиісті басқармаға бюджеттік өтінім жолданған.

sharuager30

Исатай ауданы бойынша 2020 жылға ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерін сумен қамту бағытында аудандық бюджеттен 96,8 млн.теңге қаражат бөлініп, бекітілген кестеге сәйкес каналдар сумен толықтырылды (4,8 млн.текше метр су). 2021 жылға да осы көлемде қаражат қаралған, тарифтік және басқа да өзгерістерге сәйкес қосымша қаражат бөлу мәселесі қарастырылуда.

 

Сонымен қатар, аудан көлеміндегі коммуналдық меншікке алынған Есіркеп, Мартыши, Жасқайрат, Ақай және Қызыл үй каналдарын күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге жобалау-сметалық құжаттамалары жасақталып, мемлекеттік сараптамадан өтті. Аталған 5 каналдың жалпы ұзындығы 107,6 шақырым.

Аудан әкімдігінің баспасөз қызметі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521