Исатайлық үш жас палуан ел чемпионатына жолдама алды

Қаңтар айының 27-29-ы күндері аралығында Атырау қаласындағы Балықшы спорт кешенінде қазақ күресінен 2006-2007 жылы туған кіші жасөспірімдер арасында облыс чемпионаты өтті.

Ел чемпионатына іріктеу болып табылатын жарыс Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің санитариялық талаптары сақтала отырып, көрерменсіз өткізілді. Оған облысымыздың жеті ауданынан және Атырау қаласының спорт мектептері, спорт клубтары қатысты. Аталған жарысқа Атырау облысынан 170-ке жуық спортшы 10 салмақ дәрежесі бойынша бақтарын сынады.

Қорытындыда Ү.Мұсағалиев пен А.Лесов жаттықтыратын Исатай аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің спортшылары 3 алтын еншілеп, командалық есепте үздік атанды. Атап айтсақ, Айбек Абзал (38 келіде), Қадыржан Мұхаммедәли (42 келіде), Жұмабек Нұртөре (50 келіде) ІІІ орындарды иеленсе, Шугупан Нұртілек (50 келіде) салмақта ІІ орынды еншіледі.

Ал, Уалижан Арсен (65 келіде), Сапарғали Олжас (70 Келіде), Болатұлы Нұрасыл (75 келіде) І орынға қол жеткізіп, жеңіс тұғырына көтерілді.

Жеңімпаз атанған палуандар Республикада эпидемиологиялық ахуал тұрақталған жағдайда ақпан айында Нұр-Сұлтан қаласында өтетін кіші жасөспірімдер арасындағы ҚР чемпионатына қатысады.

Серікбол ПАНАБЕРДИЕВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521