Исатайлық жастар аудан әкімімен таңғы ас ішті

«Әкіммен таңғы ас» жобасы бұрыннан бар дәстүр екен.

Тиісті аумақтың басшысы сол өңірдегі қайсыбір сала өкілдерін жиып, таңғы ас үстінде кездесіп, емен-жарқын сырласып, белгілі бір мәселе төңірегінде ой толғайды.

tangi-as1

Исатай аудандық жастар ресурстық орталығы бүгін орталық ғимаратында аудан әкімімен жастарды дастархан басына жиды. Емін-еркін, галстуксыз форматта өткен кездесуге келген жастар қатары да осал болмады. Жалпы, аудан төңірегіндегі 8 мыңнан асатын жастардың сала бойынша үздіктерін жиған орталық басшысы Ринат Есқали таңғы ас үстінде биылғы Жастар жылының қорытындысы аясында жыл ішінде ауданда атқарылған толайым істерге шолу жасай отырып, кездесуге келгендерден бұл жұмыстарды одан әрі дамыту үшін және бұрын-соңды көзге ілінбей, назардан тыс қалып жүрген кейбір салалар болса, ұсыныстар білдіруін сұрады.

tangi-as233

Бірінші болып сөз алған жас домбырашы Жанарыс аудан әкіміне ұлттық дәстүрді дәріптеу мақсатында орталық ашу және сол арқылы ұлттық аспаптар мен ұлттық киімдер насихатталса деген тілегін білдірді.

Ал, қамысқалалық өнерлі жас Арбол Әміржан жастар ресурстық орталығының ауылдық округтердегі филиалы ашылуын сұрап, жалпы аудан көлемінде жастар театры жұмыс жасаса деген ұсыныс білдірді.

tangi-as3

Аққыстау орта мектебінің 11 сынып оқушысы Асылай Ерланқызы аудан әкімінен мемлекеттік қызметке орналасу жолдарын сұраса, «Қол соз» еріктілер тобының көшбасшысы Перизат Темірова өтетін түрлі шараларға барып-келіп тұру үшін "ГАЗель" автокөлігімен қамтамасыз етуді өтінді.

jas-t-as

Тиісінше, аудан әкімі өз тарапынан түрлі сауалдарға жауап бере отырып, өз өмірінен де сыр шертті. Мектеп бітіріп, жоғары оқу орнына түсіп, спортпен айналыса жүріп, мемлекеттік қызметке қабылданған кездерін айта отырып, жастарды мемлекеттік қызметтен қашпауды, ол саланы қиынсынбай, түрлі кедергілер болады деп қорықпай, білімі мен білігі арқасында мемлекеттік орган қызметкері болуға шақырды. Сонымен бірге жастар қауымы көтерген әр салаға да тиісті жауабын беріп, кейбір ойталқыға салатын мәселелер бойынша орынбасарларына тапсырма жүктеді.

Өз тілшіміз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521