Жарияланған карантинге сәйкес Аққыстау ауылына қойылған блок бекеттердегі полиция, медицина қызметкерлеріне ерікті жастар өз бастамаларымен ыстық тамақтар жеткізді. Жастар блок бекетте тұрған қызметкерлердің жұмысымен танысты.
Бірі денсаулығымыздың, бірі тәртіптің сақшысы болған полиция қызметкерлері мен медбикелерімізді кешкі аспен қамтамасыз еткен олар өздерінің дайындаған ыстық тағамдарымен қатар жылы лебіздерін де жеткізді. Ерікті жастарымыздың бұл қолғабысын қуана қабыл алған қызметкерлер алғыстарын жаудырды. Аудан аумағында аурудың таралып кетпеуіне жанын салып тер төгіп жүрген мамандарымыздың қиын жұмыстарын көзбен көрген еріктілер барлық исатайлықтарды шектеу шараларын сақтап, елдің амандығы үшін күресіп жүрген қызметкерлерді құрметтеуге шақырады. Осындай сын сағаттарда қарап қалмай, қолдан келгенше індетпен күресуде өз үлестерін қосып жүрген жастардың бұл ісі көпке үлгі боларлық.
Өз тілшіміз