Исатай ауданында аудан әкімдігінің қызметкерімен жалпыхалықтық диктант өтті.
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Тіл саясаты комитеті «Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойын дайындау және өткізу жөніндегі жоспарына сәйкес жалпыхалықтық диктант өткізуді жоспарлаған болатын.
Осыған орай Исатай аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен аудандық орталық кітапхананың оқырман залында аудан әкімдігінің қызметкерлерімен диктант өтті. Ұлы ақынның өнегелі өмірі мен өзекті шығармашылығына шолу жасау, ақыннан қалған құнды мәдени-рухани дүниелерді сақтау, ақынның даналығын, асыл мұраларын насихаттауды мақсат еткен жалпыхалықтық диктантты жалпы білім беретін Абай атындағы орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Басығарева Раушан Сансызбайқызы жүргізді.
Диктанттың мәтіні Абайдың 37-қара сөзі болып таңдалды. Екі топқа бөлініп оқытылған диктантқа алғашқы топ 10:00-10:30 уақыт аралығында қатысып, екінші топқа 10:30-11:00 уақытын аралығында диктант оқылу жалғасын тапты.
Әділбек СЫРЫМОВ