Исатайлықтар Қарттар күнінде ардагерлермен кездесті

Исатай аудандық «Жалын» мәдениет үйінің ұйымдастыруымен «Халықаралық қарттар мерекесі» күніне орай «Қарттарын қадірлеген ел ардақты» атты тікелей-сұхбат өткізілді.

Шараға Исатай ауданы ардагерлері Жансих Маштахов, Тұщықұдық қоғамдың кеңестің төрайымы – Қабира Каюмова, ұстаз Әлия Пазылова, ақын, ардагер Қожантай Сыдихов, мәдениет саласының ардагері Роза Бисенова, мұнайшы, зейнеткер Ибатолла Қаражанов сынды ауданымыздың бір ардагер зейнеткерлері қатысты. Шараға жиналған ауданның ардагер, зейнеткерлері сөз алып, өмір жолдарынан сыр шертіп, өскелең ұрпаққа ақыл-кеңестерін айтты. Төтенше жағдайлар негізінде қойылған шектеулерге байланысты тікелей сұхбат «Жалын» мәдениет үйінің әлеуметтік парақшасы арқылы көрермін назарына ұсынылды.

d500aebf-5ab0-48d0-8a39-ef5d0151006f

- «Қарттарын қадірлеген ел ардақты» атты тікелей сұхбат мерекелік шарамыз ауданымыздың ардагер қарттарын арнайы мерекелерімен құттықтай отырып, олардың өнегелі өмірімен, жастарға айтар ақыл өсиеттерін тыңдау мақсатында өткізілді. Қарттарымызға көрсетілер құрмет ол – әр адамның айтулы парызы. Осы сәтті пайдалана отырып, ауданымыздың барша ардагер, зейнеткер қарттарына дендеріне саулық, отбасыларына амандық тілеймін, - деді Исатай аудандық «Жалын» мәдениет үйінің басшысы Қамажай Зайнова.

Әділбек СЫРЫМОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521