«Көңіл көңілден су ішеді» дейді қазақ. Қуанышты бөліскенге деген ризашылығың бөлек болмағын әркім де біледі.
Кәсіби мерекеміз қарсаңында газет оқырмандары тарапынан игі тілегін жолдаушылар аз болмағаны сүйсінтті. Сондай-ақ қайсыбір мекемелер мен бөлімдер басшылары да өздерінің «өзі бір күндік, сөзі мың күндік» газетке, оның ұжымына деген ыстық ықыластарын таныта білгені қуантқан.
Олардың қатарында аудан әкімі аппаратының басшысы А.Махмутов, аудандық ішкі саясат және тілерді дамыту бөлімі басшысының міндетін атқарушы В.Мұхитова, білім, төтенше жағдай, мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімдері басшылары Г.Құрманғалиева, А.Ахбалин, Р.Есқали, аудандық орталық аурухананың бас дәрігері Н.Кабулова, «Барыс» балалар-жасөспірімдер дене шынықтыру даярлық клубы, аудандық Жастар ресурстық орталығы, аудандық Халық банкі бөлімшесі басшылары А.Жұмабеков, Н.Ателов, Б.Кушалиев бар.
Мерекелі сәтте берекелі көңіл танытқан баршасына және олардың еңбек ұжымдарына редакция ұжымының ризашылығын жеткізіп, дендеріне мықты саулық, еңбектеріне толайым табыс, лайым амандық тілек еткенді жөн көрдік. Бөлісер қуаныштарымыз көп болсын!
Газет редакциясы