«JasSkills Atyrau – 2022» шеберлердің басын қосты

Атырауда 9-11 сынып оқушылары арасында «JasSkills Atyrau – 2022» облыстық шеберлік чемпионаты өтіп жатыр. Облыста тұңғыш рет өтіп жатқан шара «Мейрамханалық сервис» және «Сән технологиясы» құзыреттіліктері бойынша өтуде.

Жұмысшы мамандықтардың мәртебесін арттырып, шеберлік дағдыларын дамытуды мақсат тұтқан жарыс жастардың кәсіби дамуы мен өсуіне мүмкіндік береді.

– Сонымен қатар, даяршы, бармен мамандықтарына баулып, тамақтандыру қызметі, қызмет көрсету сервисі жұмыстарының беделін арттыруды көздеп отырмыз. Болашақ маманның құзыреттілігін арттыру, қызмет көрсету аясында шеберліктің дәріптелуі және тәжірибелік дағдылардың көтерілуіне әрекет ету, мейрамхана бизнесін индустрия ретінде дамыту, қатысушылардың қызығушылықтарын ояту, біліктілікті және бәсекеге қабілеттілікті көтеру осы шараның басты мақсаты, - деді Таланттарды анықтау және қолдау орталығының директоры Руслан Сарбалин.

Облыстық чемпионатқа қала мен аудандардан 16 оқушы қатысып, өз шеберліктерін көрсетіп жатыр.

 

Алмас ҚАБДОЛОВ

Сайлау

ybory-2023-price

Сұрақ Жауап

Вакцинаға көзқарасыңыз қалай?

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар
министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамырда тіркеліп, №17102-г куәлік берілген.

Редакцияның мекенжайы: Исатай ауданы,
Аққыстау ауылы, Егемен Қазақстан көшесі, 12-үй.

Байланыс телефондары: 8 (71 231) 2-01-68,
2-01-52, факс 2-01-68.

Электронды пошта: naryn_tany2009@mail.ru

Яндекс.Метрика