Үйдегі шаш күтімі. Құпиялар мен кеңестер

Шаштарыңыз көлемінен айрылып, ұштары құрғап, өңсіз, түсе береді ме?

Ендеше үй жағдайындағы шаш күтімі бойынша мына кеңестерге құлақ түріңіз.

Шашты жуғанда бір ғана ережені ұстан: мейлінше су сабынды (шампунь) аз қолдануға тырыс.

Егер көп жаққан жағдайда шашқа артық салмақ түсіп, құрғатып жібереді. Шаштараздардан кеңес: 1 шай қасық су сабынды 1 стақан суда араластырып, жағу.

Су сабынды шаштың барлық ұзындығына құйма. Оны тек шаштың түбіне жақсаң болғаны. Жуған кезде су сабынның көпіршігі соңына қарай ағады. Бұл оларды жуу үшін жеткілікті. Су сабынды жылы сумен кетіру қажет. Өйткені ыстық су шашты құрғатып, қайызғақтардың пайда болуына әсер етеді. Содан кейін барып бальзам-шайғышпен шай.

Бальзам-шайғыштар немесе кондиционерлер шашқа жұмсақтық пен олардың жақсы таралуын қамтамасыз етеді. Олармен әрдайым қолдануға тырыс. Әр жуған сайын бальзамды массаждап шашыңа жақ, 3 минутқа қалдыр. Содан кейін жақсылап шай. 3 минуттан артық уақытқа қалдырып қажеті жоқ. Өйткені бальзам шашқа сіңбейді, тек сыртқы келбетіне әсер етеді.

Шаштарың жарнамадағы жұлдыздардың шаштарындай жарқырап тұрсын десең, жуып, шайып болғаннан кейін шашыңды минералды сумен шайып жіберу қажет. Олар шашты біраз жұмсартып, жылтырауына көмектеседі және құнды минералдармен қамтамасыздандырады.

Шашқа арналған маскалар қоректік заттарға бай. Оларды шашта 10 минут ұстаған абзал. Егер масканы жаққаннан кейін сыртынан пленкамен, содан кейін орамалмен орап қойса маска жақсы әсер етеді. Әр жуған сайын маска қолданған міндетті емес. Аптасына 1-2 рет қолданса болады.

Құрғақ шаштар әрдайым ылғалдандыруды қажет етеді. Сондықтан аптасына 1 рет ылғалдандыратын маска жасап тұрған жақсы.

Сулы шаш сезімтал, нәзік болады. Жуғаннан кейін ысқылап сүртіп, орамалға орап тастау — олардың зақымдануына әкеп соғуы мүмкін. Сондықтан шашыңды орамалға 4 минутқа тюрбан сияқты орап қой, ол суды сіңіріп алады.

Шаштарыңды орамалмен кептіргеннен кейін тарақпен тарау абзал. Оларды абайлап тарау қажет.

Шаштың құрылымын құртып алмас үшін тараған кезде ұшынан бастап, жоғарылай көтерілген жөн. Фенмен кептірген жағдайда ең ұтымды тәсіл – феннің режимін “жөн жылыға” қойып, 15-20 см қашықтықты 20 минуттай ұстап, кептіру. Осылай кептіргенде шашқа еш зақым келмейді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT