Үйден дауыс берді

Исатай ауданы әкімін сайлау барысында денсаулық жағдайына байланысты қария үйден дауыс беруге өтініш білдірген.

№139 сайлау учаскесінің комиссия мүшелері жетпіс жастағы қарт Абат Сейітовтың отбасына барды.

-Сайлау учаскесіне дауыс беруге бара алмайтын болғандықтан комиссия мүшелері үйімізге келіп, дауыс беруге мүмкіндік жасағаны үшін алғыс білдіремін. Еңбектеріңізге табыс тілеймін. Алғаш рет 1957 жылы сайлауды көргенмін. Онда біз бала едік. Сол кезде үлкендер, ауылдың қарттары бір-бірімен қуана көрісіп, жылап қайтатын еді. Қазір сол қариялардың ізін өзіміз жалғастырып келеміз. Бес балам бар. Солардан өрбіген немере-жиендерім де жеткілікті,-дейді ол.

А. Сабырова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521