Биылғы сайлаудың басты ерекшелігі сол - әйел адамдарда ер-азаматтар секілді қоғамдағы өз орнын тауып, саяси өзгерістердің жүзеге асуына белсене араласуы.
Менде бірінші рет елімізде болып жатқан саяси додаға қатысуды өзімнің перзенттік парызым деп санаймын. Өйткені, менде ауылда туып өскен жанмын. "Ауылым -алтын бесігім" дегендей, жас болсам да, "Сенде бір кірпіш дүниеге, кетігін тап та, бар арқалан"деп Абай атамыз айтқандай, өзім өсіп, түлеп ұшқан ауылымыздың гүлденіп өсіп көркеюіне өзімше үлес қоссам деген арман мені депутат болуға жетелеп әкелді. Өзім кәсіпкер болғандықтан жергілікті халықтың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларына көңіл бөлуді негізгі басты міндетім деп есептеймін. Сайлауалды бағдарламамда бұдан басқа да ауылымызды көркейтуге қатысты көптеген мәселелер баршылық. Оны жүзеге асыру үшін әрине, сайлаушыларыммен бірге бірлесе еңбек етуге тура келеді. Бұл бағытта аянып қалмайтынымды тағы да айтқым келеді. Халықтың аманатын ойдағыдай орындау екінің бірінің қолынан келе бермейтінін сайлаушыларымда, ауылдастарымда жақсы түсінеді деп білемін.
Десе де "тәуекел түбі-жел қайық" дегендей, бұл іске білімімді, тәжірибемді, іскерлігімді жұмсауға бар күш-жігерімді саламын деп сендіргім келеді. Ендеше, қолдау -сіздерден, сенімді ақтау -біздерден!
Ақмарал ТАХАЕВА,
жеке кәсіпкер