Үйсіз адамның күйі болмайды

Елбасының биылғы 5 қазандағы Жолдауында қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуіне,табысының, жағдайының жақсаруына тікелей әсер ететін нақты тапсырмалар айтылды.

Өмір сүруге жайлы орта қалыптастыруға арнайы бөлім арналды. Баспана мәселесі адам баласы үшін ең маңызды, ең алғашқы қажеттіліктердің бірі екені даусыз. Көптеген елді мекендердің бас ауруына айналған инфрақұрылым мәселесі жедел қолға алынса, оның үстіне «7-20-25» жобасы бойынша алғашқы жарнаға тағы бір қадам көмек жасалатын болса, нұр үстіне нұр болары анық.

«Нұр Отан» партиясының аймақтық филиалдарының қабылдау бөлмелеріне жыл сайын азаматтардан түсетін өтініштердің 40 пайызға жуығы осы баспана мәселесіне тіреледі. Енді, міне, күрмеуі күрделі түйткілді мәселенің түйіні шешілер шақ келді. Жолдаудағы жалақының өсуі, мемлекеттік мекемелердегі қағазбастылық, формализм мен бюрократтықты қысқарту, учаскелік дәрігерлер мен мұғалімдерге көңіл бөлінуі, жеке кәсіпкерлер үшін салық жеңілдігі, шағын және орта бизнесті дамытуға арнайы қаржы бөлінуі, бұдан да басқа көптеген салалар бойынша қамтылған нақты тапсырмалар көпшіліктің қолдауына ие болуда. Айтылған тапсырмалар толық және мерзімінде сапалы орындалуына тәуелді. Біз, партиялықтар, көптің көкейінен шыққан, халықтың қолдауына ие болған Елбасы Жолдауын бұқараға жеткізуге белсенді атсалысатын боламыз.

Ақтолқын АХМЕТЖАНОВА,

«Нұр Отан» партиясы Исатай аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT