ҚАБАҒАН ИТТЕН ҚАШАН ҚҰТЫЛАМЫЗ?

«Ит – адамның досы» десек те, бір-ақ сәтте өзіңізге тап беруі ғажап емес. Соңғы кезде, әлеуметтік желілерден, жаңалықтардан қабаған иттердің шабуылынан зардап шеккен балалар мен ересектердің саны артқанын көріп, естіп жүрміз.

Күні кеше, 15-ақпан күні Атырауда сегіз жасар балаға қаңғыбас ит шабуыл жасаған. Бала қатты жарақат алып, облыстық балалар ауруханасындағы жансақтау бөліміне жеткізілген. Бұл бірінші және соңғы жағдай емес, еліміздің әр түкпірінде иттен жапа шеккен адам саны жетерлік. 

Елімізде 2021 жылғы 30 желтоқсанда «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» заң шығып, 2022 жылдың 2 наурызынан бастап күшіне енген болатын. Заң бойынша, көшеде жүрген бұралқы итті бірден атып тастауға рұқсат жоқ. Қаңғыбас жануарларға жауапкершілікпен қарап, бірден жоймай, иесі анықталғанша арнайы орында ұстау міндеттелген. Көшеде жүрген бұралқы иттердің саны күн сайын көбеймесе, аза-йып жатқан жоқ. Керісінше, иттерге жанашырлық танытамыз деп адам өміріне қауіп төніп тұр.

Ит қабу фактісі орын алуына байланысты «Атырау қалалық ветеринариялық стансысы» мекемесі ит аулау жұмыстарына үш бригада бөлді. Жыл басынан бері 1000-нан астам қабаған ит ауланған. Өз аумағыңызда бұралқы иттердің жүргенін байқасаңыз, 109 операторына хабарлап, арнайы мамандарды шақыруға кеңес береміз. Қорытындылай келе айтарымыз, қаңғыбас иттерден келер қауіп азаймай тұр. Осы жайттарды ескере отырып, тиісті органдар дереу бір нақты шара қабылдайды деген сенімдеміз.

 

Саябек ЕРҒАЛИЕВ

сурет: ашық дереккөз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521