НҰРЗИЛА ҚАДЫР ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ КҮМІС ЖҮЛДЕ ИЕГЕРІ АТАНДЫ

24-26 тамыз күндері РФ Башқұртстанның Уфа қаласында белбеу күресінен жасөспірім ұлдар мен қыздар арасындағы Әлем чемпионаты өтті.

Әлемнің 22 елінен 700-ге жуық жас палуандар бақ сынаған айтулы додаға Қазақстан құрамасы сапында «Барыс» балалар-жасөспірімдер дене шынықтыру даярлық клубының шәкірті Нұрзила Қадыр +70кг салмақ дәрежесінде бақ сынады. Сайыс нәтижесінде Нұрзила асығы алшысынан түсіп, Әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды.

Бапкері Тұрар Ризуановтың айтуынша сайыс жоғары деңгейде тартысты өткен. Бір-бірінен өткен спортшылар бір арнада тоғысып, үлкен тәжірибе болған.

– Шәкіртіміз Нұрзила Қадыр алғашқы кездесуін Өзбекстан мемлекетінің палуаны Каримова Мехринасахонды айқын басымдылықпен жеңсе, жартылай финалда өткен жылдың әлем чемпионы Ресей елінен келген Эумагулова Елина таза ұтты, финалдық кездесуде екінші Ресей мемлекетінен келген қарсыласы Аношина Софиядан сәл ғана басымдылықпен есе жіберіп, әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды. Алдағы жоспармен бөлісер болсам, дзюдо күресінен ересектер арасындағы Қазақстан біріншілігі өтпек, бар назарды соған бұрып, дайындықты екі еселемекпіз,-дейді бапкер.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521