Қамысқала ауылдық округінде жас кәсіпкер көптің игілігіне қызмет ететін дүкен ашты

«Нәсіптің кілті - кәсіпте» дейтін қазақ әу бастан оның тіршіліктің тірегі болмағын білген. Бұл бүгін де шынайылығымен көрініс тапқан шындық.

Кәсіптің нәсіп болмағын өз ісімен дәлелдеп жүргендер Қамысқала ауылдық округінде де аз емес. Күні бүгінге мұнда әр салада шаруасын дөңгелентіп жүрген 170 кәсіпкер тіркелген екен. Округ орталығында 26 кәсіпкерлік нысан қызмет етеді.

Жуырда ауылдың кәсіпкерлік саласында және бір жаңалық орын алып, он жетінші сауда нүктесі өмірге келді. Сөйтіп, өз бизнесін дамытуды ойлаған жас кәсіпкер Тоғжан Самешова көптің игілігіне қызмет ететін дүкенін ашты. Түрлі жуғыш заттарды, басқа да тұрмыстық тауарларды осынан табатын болған ауылдастар Тоғжанға толайым табыстар тілек етісті.

 

Жоламан ДӘУЛЕТИЯР   

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521