Қамысқалалықтар Наурыз мейрамын думандатып тойлады

Ұлыстың ұлы күні наурыз мейрамына орай Х.Ерғалиев ауылы орталығында "Наурыз берекем, наурыз мерекем" атты үлкен шара ұйымдастырылды деп хабарлайды Қамысқала ауылдық округінің әкімдігі.

 

Ауыл тұрғындарының ұйымшылдығы мен татулығының белгісі іспетті ақ шаққан күйіз үйлер тігіліп, наурыз көжелер мен бауырсақ тарту етіліп, шашу шашылып, мерекенің сәнін келтірді.

 

Ауылдағы көше тұрғындарының ұйымдастыруымен тату көшелердің өзара құрған күйіз үйлері тігілді. "Бірлігі жарасқан ауыл" номинациясы бойынша "Молшылық" ауылы марапатталса "Ажарлы ауыл" номинациясы бойынша "Бірлік" ауылы марапатталса, "Дәстүрлі ауыл" номинациясы бойынша, "Жасқайрат ауылы" марапатталса, "Өнерлі ауыл" номинациясы бойынша, "Достық ауылы" марапатталды.

 

Күйіз үйлерде ұлттық тағамдар бесбармақ, бауырсақ, құрт-май, наурыз көже пісіріліп, самаурын қайнатып, дастархан жайылып, ауыл үлкендерін қонақтады. Әр ауыл "Наурыз көже" байқауы бойынша көже дайындаған адамдар Марапатталды.

 

Сонымен қатар шараны ұйымдастыруға белсене қатысқан жеке ауыл тұрғындары да марапатталды. Әр ауыл ұлттық дәстүрлерін көрсетіп, "Бесікке салу", "Ат қою" секілді дәстүрлерлен көрініс қойып, соңы ауыл тұрғындары мен мәдениет үйі көркем өнерпаздарының ән мен күй, билер мен жалғасып, көрермендер ді мерекелік көтеріңкі көңіл-күйге бөледі.

 

Тұрғындардың ұйымдастыруымен спорттық ойындар "Арқан тарту", "Тоғыз құмалақ" балаларға ат жарысын ұйымдастырды.

 

Шара өте тамаша, тартымды өтті.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT