Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл халқының табысын арттыру жолдарын атады

фото: https://qyzyljarnews.kz/

Үкіметтің кеңейтілген кеңесінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл халқының табысын арттыру жолдарын атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ауылды жерлерде табыс пен тұрмыс сапасын арттыру мәселелерін ерекше бақылауда ұстау қажет. Үкімет ауылдық аумақтарды дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған тұжырымдамасын әзірледі. Әкімдер оны тиімді іске асыру үшін шаралар қабылдауы тиіс. Әрбір аудан, моноқала және қала деңгейінде қолайлы инвестициялық ахуал мен «өсім көздерін» құру үшін олардың бәсекелестік артықшылықтарын анықтап, салалық басымдықтарды таңдау қажет», - деді Мемлекет басшысы.

Сондай-ақ, Президент ауыл тұрғындарының табысын арттыру үшін жекелеген өңірлердің табысты тәжірибесін ескеру керектігін тағы еске салды.

«Ең шалғайдағы ауылдық округтерге микрокредит беру және жеке қосалқы шаруашылықтарға кепілдік беру, сервистік-өткізу кооперативтерін ынталандыру сияқты мемлекеттік қолдау құралдары туралы ақпаратты жеткізу маңызды», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Айта кетейік, Үкімет үйінде Президент төрағалығымен елдің әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөнінде кеңес өтіп жатыр.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521