Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексі әділ әлеуметтік саясат үшін негіз болады жәнеәрбір адамның туғаннан бастап зейнеткерліккешыққанға дейінгі өмір жолының кезеңдеріне сәйкес, барлық адамда бірдей бола бермейтін қажеттіліктерден туындауы мүмкін шараларды (өмірлік қиын жағдайдағы адамдар үшін әлеуметтіккепілдіктер) көрсете отырып құрылған.
Әлеуметтік кодекстің негізгі жаңалықтары:
(алдағы 5 жылда базалық зейнетақы мөлшерін кезең-кезеңімен көбейту);
Осылайша, Әлеуметтік кодекс азаматтардыңөздерінің әлеуметтік құқықтары мен міндеттерітуралы бірыңғай білім көзі болып табылады,сондай-ақ халықтың әлеуметтік әл-ауқатынаавтоматтандырылған мониторинг жүргізугемүмкіндік береді.
Кодексте қазіргі кездегі әлеуметтік қолдаудыңбарлық әлеуметтік кепілдіктері мен нысандарының, оның ішінде азаматтарды зейнетақылармен жәнежәрдемақылармен, сондай-ақ «Мемлекеттікәлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ (бұдан әрі - Қор)тағайындалатын әлеуметтік төлемдерменқамтамасыз ету сақталғанын атап өткен жөн.
Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі 2005 жылдан бастап әлеуметтік тәуекелдердің 6 түрліжағдайы басталған кезде жұмыс істейтіназаматтарды әлеуметтік қорғаудың қосымшадеңгейі ретінде енгізілді.
Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесініңқаржы ресурстары жұмыс берушілер жұмыскерлеріүшін, сондай-ақ дара кәсіпкерлер мен жекепрактикамен айналысатын адамдар өздері үшінтөлейтін ең төменгі жалақының кемінде бір және жеті еселенген мөлшерінен аспайтын кірістің 3,5%мөлшерінде әлеуметтік аударымдар есебіненқалыптастырылады.
Бұл ретте әлеуметтік аударымдар міндетті зейнетақы жарналары сияқты қызметкердіңжалақысынан ұсталмайды, жұмыс берушілердің қаражаты есебінен төленеді.
Міндетті әлеуметтік сақтандыру ынтымақтастықпринципіне негізделген, өйткені әлеуметтікаударымдар барлық жұмыс істейтін азаматтар үшін төленеді, ал төлемдерді тек әлеуметтік тәуекел туындаған адамдар ғана ала алады.
Ағымдағы жылдың қаңтар-сәуір айларындаАтырау облысы бойынша Қорға 8,2 млрд. теңге сомасына 224 962 адам үшін әлеуметтік аударымдар түсті, ал Қордан әлеуметтік төлемдерді11,0 млрд. теңге сомасына 36 437 адам алды.
Қордан еңбекке қабілеттілігінен айырылужағдайына төленетін әлеуметтік төлеммүгедектігі бойынша бюджет қаражаты есебінен төленетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақығақосымша тағайындалады. Төлем міндеттіәлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушығамедициналық- әлеуметтік сараптама жалпы еңбеккеқабілеттілігінен айырылу дәрежесін 30%-дан 100%-ға дейін белгілеген күннен бастап оның бүкіл кезеңіне еңбек қызметін жалғастыруынақарамастан жүргізіледі.
Әлеуметтік төлемнің мөлшері соңғы 2 жылдаҚорға әлеуметтік аударымдар жүргізілген кіріске, сондай-ақ еңбекке қабілеттілігінен айырылудәрежесінің, жүйеге қатысу өтілінің және кірістіалмастыру коэффициенттеріне байланыстыболады.
2023 жылдың қаңтар-сәуір айларында Қорданаталған төлемді біздің облыс бойынша 597,2млн. теңге сомасына 3 790 адам алды.
2023 жылғы 1 шілдеден бастап мүгедектігі бар адамдарға берілетін жәрдемақылар ментөлемдер 14,5%-ға арттырылады және бұлтөлемдердің а.ж. 1 қаңтарынан бастап 8,5%-ға өсуінескере отырып, жәрдемақылар мен төлемдердің жылдық мәндегі өсуі 23% құрайды.
Әлеуметтік төлемнің мөлшері соңғы 2 жылішінде әлеуметтік аударымдар жүргізілген қайтысболған асыраушының кірісіне, сондай-ақ кірістіалмастыру, асырауындағы адамдар санының жәнежүйеге қатысу өтілінің коэффициенттерінебайланысты болады.
Ағымдағы жылдың қаңтар-сәуір айларындаАтырау облысы бойынша Қордан аталған төлемді586,8 млн. теңге сомасына асыраушысынанайырылған 3 279 отбасы алды.
2023 жылғы 1-шілдеден бастапасыраушысынан айырылған отбасыларға берілетін жәрдемақылар мен төлемдер 14,5%-ға артады, бұл төлемдердің а.ж. 1- қаңтарынан 8,5%-ға өсуін ескере отырып, жәрдемақылар ментөлемдердің жылдық мәндегі өсуі 23% құрайды.
Әлеуметтік тәуекел туындаған кезде міндеттіәлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушы, оның ішінде оның отбасы мүшелері, асыраушы қайтысболған жағдайда базалық жәрдемақылар менҚордан төлемдер алатынын ескерсек, оның әлеуметтік қорғалуы жұмыс істемейтін адамға қарағанда жоғары болады.
Қордан жұмысынан айырылу жағдайынатөленетін әлеуметтік төлем міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушысы халықтыжұмыспен қамту туралы заңнамаға сәйкесжұмыссыз ретінде тіркелген күннен бастаптағайындалады.
Әлеуметтік төлемнің мөлшері соңғы 2 жылішінде әлеуметтік аударымдар жүргізілген жүйеге қатысушының кірісіне, табысты алмастыру (45% немесе 0,45) және жүйеге қатысу өтілінің коэффициенттеріне байланысты болады.
Төлем жүйеге қатысу өтіліне байланысты 1 айдан 6 айға дейін жүзеге асырылады.
2023 жылдың қаңтар-сәуір айларында Қорданаталған төлемді біздің облыс бойынша 1,9 млрд.теңге сомасына 9 187 адам алды.
Қордан жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты кірісінен айырылу жағдайларына төленетінәлеуметтік төлем еңбекке уақытша жарамсыздықтуралы парақта көрсетілген жүктілігі және босануыбойынша демалыс күнінен бастап тағайындалады.Төлем еңбекке уақытша жарамсыздық парағыныңбарлық кезеңіне жүзеге асырылады.
Біржолғы әлеуметтік төлемнің мөлшері соңғы12 айда әлеуметтік аударымдар жүргізілген кіріскежәне еңбекке жарамсыздық күндерінің санынабайланысты болады.
Ағымдағы жылдың қаңтар-сәуір айларындаАтырау облысы бойынша 4 554 алушыға аталған төлем шамамен 4,5 млрд. теңге сомасына жүзегеасырылды.
Қордан бір жарым жасқа дейінгі балакүтіміне байланысты кірісінен айырылужағдайына төленетін әлеуметтік төлем балатуған күннен бастап бала күтімін іс жүзінде жүзеге асыратын міндетті әлеуметтік сақтандыружүйесінің қатысушысына тағайындалады.
Әлеуметтік төлемнің мөлшері соңғы 2 жылішінде әлеуметтік аударымдар жүргізілген жүйегеқатысушының кірісіне және кірісті алмастырукоэффициентіне (40% немесе 0,4) байланыстыболады.
2023 жылдың қаңтар-сәуір айларында аталғантөлемді біздің облыс бойынша Қордан 3,3 млрд. теңге сомасына 15 627 адам алды.
Әлеуметтік кодекс шеңберінде Қорданәлеуметтік төлемдерді тағайындау параметрлеріөзгеріссіз сақталатынын атап өткен жөн.
Бұдан басқа, Әлеуметтік кодекс аясында 2023жылдың 1-шілдесінен бастап:
- жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектігі бар адамды алып жүру бойыншақызмет көрсететін 30 мыңға жуық жекекөмекшіні міндетті әлеуметтік сақтандыруменқамтуды кеңейту қарастырылған. Бұл
дегеніміз, әлеуметтік тәуекелдер туындаған кезде жеке көмекшінің Қордан төленетін әлеуметтік төлемдерге құқығы болады, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорынан сақтандыру пакеті шеңберінде медициналық көмекпенқамтамасыз етіледі, сондай-ақ зейнеткерлік жасқажеткенде базалық зейнетақы үшін еңбек өтілі және жинақтаушы зейнетақы төлеміне құқығы болады.
Жалпы әртүрлі әлеуметтік тәуекелдерденсақтандыратын міндетті әлеуметтік сақтандыружүйесінің дамуы азаматтарды нәтижелі жәнеформалды жұмыспен қамтуды ынталандырудыкөздейді.
Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі туралытолық ақпаратты Қордың интернет-ресурсы(gfss.kz), сондай-ақ Қордың және оныңФилиалдарының әлеуметтік желілерідегіаккаунттарынан алуға болады.