Бүгін, 19 наурызда Парламент Мәжілісі мен мәслихаттар депутаттарын сайлау күні елімізде 609 бала дүниеге келді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, оның 312-і ұл, 297-і қыз және бір егіз.
"Мемлекеттің одан әрі дамуы үшін осындай тағдырлы және маңызды күнде дүниеге келген сәбилерге жарқын болашақ пен зор денсаулық тілейміз! Бүгін республиканың стационарларында емделіп жатқан пациенттер үшін емдеуге жатқызу орны бойынша дауыс беру үшін жағдайлар ұйымдастырылды".
Денсаулық сақтау министрлігі