Қазақстанда тұңғыш рет жас жазушылар мен ақындар Президенттің әдеби сыйлығын алады

Қазақстанда 2023 жылы жас таланттарды мемлекеттік қолдау және авторлардың жаңа буынын қалыптастыру үшін тұңғыш рет Президенттің арнайы әдеби сыйлығы беріледі, деп хабарлайды Zakon.kz.


2 маусым күні жас қаламгерлермен кездесуінде ҚР Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов осылай деді.

Президенттік әдеби сыйлықтың иегерлері төрт номинация бойынша анықталады: «Проза», «Поэзия», «Драматургия» және «Балалар әдебиеті». Әр номинация бойынша жеңімпаздарға 4 миллион теңге, «Президенттік арнаулы әдеби сыйлықтың лауреаты» атағы, диплом мен төсбелгі беріледі.

"Байқауға 18 бен 35 жас аралығындағы жазушылар қатыса алады. Өтінімдер 1 маусым мен 30 маусым аралығында қағаз және электронды түрде қабылданады. Басты шарт - ұсынылатын жұмыстар жаңа, бұрын республикалық және халықаралық байқауларға қатыспаған болуы керек".
ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі
Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов атап өткендей, мұндай бастамалар отандық әдебиетті дамыту үшін ғана емес, қазақ тіліндегі мазмұн көлемін арттыру үшін де қажет.

"Әсіресе, балалар әдебиеті саласында. Театр өнеріне көңіл бөлінуде. Біздің мақсатымыз - отандық авторлардың қойылымдарын айтарлықтай көбейту. Бұл ретте жас драматургтердің үлесі зор болатынына сенімдімін"

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT