Қазақстандық дзюдошы Загребтегі Гран-приде қола медаль жеңіп алды

Қазақстандық дзюдошы Бақытжан Әбдірахманов Загребтегі (Хорватия) Гран-приде қола медаль жеңіп алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстан дзюдо федерациясының баспасөз қызметінің хабарлауынша, ол 73 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп, жұбаныш финалында вазари ұпайы бойынша Косово өкілі Акил Кияковты жеңді.

Бақытжан Әбдірахманов жарыс кезінде Әбдірахманов барлығы бес жекпе-жек өткізіп, оның төртеуінде жеңіске жетті.

Бұл - осы турнирдегі ел қоржынына түскен екінші медаль. Бұған дейін Айболат Ыстыбай 66 келі салмақ дәрежесінде қола жүлдегер атанған еді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521