ҚАЖЕТТІЛІКТЕН ТУЫНДАҒАН МӘСЕЛЕ

Қазақстанда жанар - жағармай бағасының өсуін, қажеттіліктен туындап отыр деп есептеймін.

Себебі өткен жылдармен салыстырғанда дизель мен бензиннің тұтыну деңгейінің едәуір өскендігін байқауға болады. Қазақстандағы мұнай өңдеу зауыттары толыққанды жұмыс жасап тұрсада, жанармай тапшылығы сезілуде. Оның себептері де жоқ емес.
Бірден бір себебі Қазақстанда жанар - жағармай бағасының төмендегі және сыртқа тасып әкету жолдарының көбеюі. Яғни, бізде өндірілетін жанармай ұлттық мүддемізге емес, көрші елдердің экономикасының өсуіне жұмыс істейді деп тұжырым жасауға болады. Бұл жағдайларды тұрақтандыру үшін, көрші елдердің жанар - жағармай нарығындағы баға айырмашылығын төмендету керек сияқты. Сонда ғана мұнай өнімдері сырт елдерге шығарылуын азайтуға тура келеді. Мұнай өнімдерінің бағасының өсуіне Қазақстан халқы түсіністікпен қарап, ел экономикасының көтерілуіне әрбір қазақстандық өз үлесін қосады деп үміттенемін.

 


Жәнібек Ещанов,
мұғалім, аудандық мәслихат депутаты

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521