Күй анасына белгі орнатылды

Тұщықұдық ауылдық округіне қарасты Шәпек обасы - күй анасы - Дина Нұрпейісованың келін боп түскен жері.

Өткен апта соңында бұл орынға күйшіге арналған белгі орнатылды. Елбасының "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" бағдарламалық мақаласын басшылыққа алған бұл шара ауылдық округ әкімшілігінің ұйытқы болуымен жүзеге асты. Белгінің ашылуына аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Мүтиғолла Насиханов пен сол маңайды мекен ететін ауыл тұрғындары қатынасты. Белгіні ашу рәсімі медицина саласының ардагері Темірхан Құбаханов пен Тұщықұдық ауылының әкімі Мәди Өтеғалиевқа бұйырды. Салтанатты шарада сөз алған аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Мүтиғолла Насиханов күйші келін болып түскен мекеннің тарихына тоқталып өтті.

Сондай-ақ ол белгіні орнатуға жұмыла қол ұшын берген елді мекен азаматтары мен оның қоршауын жасатып және автокөлікпен демеушілік қылған "Жайықмұнайгаз" мұнай-газ өндіру басқармасына алғысын білдірді.

Еркебұлан ЗИНЕДЕНОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT