Қордаланған мәселелер шешілуі қажет

Мемлекет басшысы қолға алған реформалар ауқымында елде ауқымды өзгерістер басталды.

Бұл туралы жуырда Президенттің әкімдермен және мемлекет органдары басшыларымен кездесу барысында да айтылды. Ел экономикасы мен халық әлеуетін көтеру мақсатында айқындалған межелер мен берілген тапсырмалар төңірегінде кейбір мәселелерге көңіл аударылды. Өткен жылдан бастап ел дамуының реформалары қолға алынып, мемлекеттің саяси жүйесін де халықтың талабына қарай қалыптастыру үшін саяси науқандық жұмыстар жалғасын табуда. Әрине, мемлекет тарапынан ауқымды жұмыстар жүргізілгеніне қарамастан, мемлекетімізде осы кезге дейінгі қордаланған мәселелер сол күрделі күйінде қалуда. Себебі, барлық мәселелердің түйткілін шешу әр түрлі деңгейдегі кадрларға келіп тірелетіні белгілі. Қазіргі кезде барлық салалық жүйе бойынша тәртіп әлсірегендіктен жұмыс деңгейі төмендеген. Оны күнделікті өмірден қарапайым халықтың көріп, біліп отырғанын сіз бен біз жақсы білеміз. Айналып келгенде барлық мәселенің шешімі әкімдерге келіп тірелетіні белгілі. Сондықтан саясат пен ел басқаруды жаңаша тиімді түрде ұйымдастыру қажет. Халықпен бетпе бет жүздесу, олардың көкейінде жүрген,  елге ортақ шешімін таппаған мәселерді ретке келтіру бұл негізгі қағида болып қалыптасу керек. Сондықтан елмен тығыз байланыс орнату, белгіленген жүйелі кездесу арқылы халықпен бір деңгейде болу барлық деңгейдегі басшылардан талап етілуі тиіс. Басшы болу оңай емес. Қазіргі кезде шешім қабылдап, өзінің басшы ретінде нақты жауабын бере алмайтын кадрлар да жоқ емес. Тәжірибесі жетпегендіктен үлкенді кішілі лауазымдағы басшылар бұрынғы жүйелі жұмысты басқара алмай берекетін кетіріп жататыны да кездеседі. Ендігі жерде барлық жауапты тұлғалардың халық талабына сай келуі үшін, әркім жаңаша жұмыс жасап, әркім өзін шыншыл, қарапайым, мәдениетті, шыдамды болуын өздері басты назарда ұстағаны абзал.

 

Жанкелді Рахметқалиев,

Қызылқоға ауданының Құрметті азаматы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521