ҚОС МЕРЕЙТОЙ ТОЙЛАНДЫ

Исатай ауданының 95 жылдығы және Аққыстау ауылының 50 жылдығын аудан көлемінде атап өту мақсатындағы жоспарға сәйкес бірқатар мерекелік шаралар ұйымдастырылды деп хабарлайды Исатай аудан әкімдігі.

Алдымен аудандық "Жалын"мәдениет үйінде салтанатты жиын өтіп, ауданның дамуына үлес қосқан ардагерлерге мерекелік құттықтаулар мен медалдар табысталды. Ауданымыздың 95 жылдығына орай жарық көрген "Мұрасы мол мекен" атты кітаптың тұсауы кесілді.

Салтанатты шарадан кейін ауданның Құрметті азаматтары мен ардагерлеріне мерекелік дастархан ұйымдастырылды. Келген қонақтар ауданның тарихынан сыр шертіп, жас ұрпаққа батасын берді.

Мерекенің қорытынды шарасы Аққыстау ауылының орталығында құрылған заманауи сахнада аудан өнерпаздары мен Атырау қаласынан арнайы келген әншілердің қатысуымен кешкі гала концертке ұласты. Гала концертке Қазақстан эстрада жұлдызы Бейбіт Қорған келіп, аудан тұрғындарына мерекелік көңіл күй сыйлады.

Мерекелік шараларымыз 30 қыркүйек күні де жалғаспақ. Тұщықұдық ауылындағы ат бәйгесі алаңында аламан бәйге мен ұлттық спорт түрлерінен жарыс өтеді. Баршаңызды аталған шаралардың қонағы болуға шақырамын.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521