ҚҰРМАНҒАЛИҒА ҚҰРМЕТ

Зейнеткер мұнайшы, аудандық қоғамдық кеңестің мүшесі Құрманғали Мұхтаров – Аққыстау ауылындағы белсенді азаматтардың бірі. Кемшілікке төзбейтін, жақсылықтан күдер үзбейтін оның ауылдың тазалығына, өсіп-өркендеуіне, ажары кіріп, базары молаюына жанашырлығын құптап, риза болушылар аз емес.

 Сөйткен Құрекеңнің жуыр-да Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партия-сы басшылығынан лайықты құрмет көрген жайы бар. Аудандық қоғамдық кеңес төрағасы Ерболат Насимуллин кеңестің өткен бейсенбідегі кезекті отырысын аша тұрып, алдымен осы бір сүйінішті жайттан әріптестерін де құлағдар етіп, көптің көз алдында оның кеудесіне мерейтойлық медаль тағып, сертификатын қоса табыстады. «Қазақ Республикасының 100 жылдығы құрметіне және «Алаш» ұстанымдары мен ұлттық құндылықтарды жүзеге асыруға қосқан үлесі үшін Мұхтаров Құрманғали Сапарғалиұлы марапатталды» делінген аталған партия төрағасы Азат Перуашев қол қойған сертификатта.

 

Жоламан ДӘУЛЕТИЯР   

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521