Көшпелі қоғамдық қабылдау өтті

«Нұр Отан» партиясы Исатай аудандық филиалының ұйымдастыруымен «Халыққа көмек» жобасы аясында көшпелі қоғамдық қабылдау өтті.

ashikes4

Аудандық филиал төрағасының бірінші орынбасары Айбатыр Бекішұлының айтуынша, бұл шараның мақсаты - халыққа қолданыстағы заң шеңберінде құқықтық көмек беру. Аудандық әділет басқармасы, халықты жұмыспен қамту орталығы, облыстық кәсіпкерлік палатасының Исатай аудандық филиалы, аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімдері, т.б. сала басшылары тұрғындардың көкейінде жүрген сауалдарына жауап берді.

ashikes2

Атаулы әлеуметтік көмектен айырылған бір тұрғынның сұрағына аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы Рашид Мұқанов аталған қаржылай көмектің кімге қалай тағайындалатынын, қандай жағдайда тоқтатылатынын, қайта алу жолдарын толық түсіндірді.

ashikes5

Ал, жаңа кәсіп ашу, оған берілетін көмек, жеңілдіктер жөнінде білгісі келген Аман Меңдіғазиев өзінің толық мағлұмат алғанын айтты.

ashikes3

Өз сауалдарына жауап іздеп келген тұрғындар мәселесінің басым көпшілігі атаулы әлеуметтік көмектің қандай отбасыларға тиетіндігі, жұмысқа орналасу, тұрғын үйді кезексіз алу жайы болды.

Гүлдана ХАЙРУШЕВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT