КӘСІБИ ДЕҢГЕЙІҢ ҚАНДАЙ, КІТАПХАНАШЫ?

Жасқайрат ауылдық кітапханасында  «Ауыл кітапханашыларының кәсіби деңгейі» тақырыбында тәжірибе алмасу семинары өтті.Семинарды библиограф М.Нәубетқызы жүргізіп отырды. Шараның жүру бағыты бойынша алдымен  аудандық орталық кітапхананың әдіскері С.Көбеева атқарылған жұмыстар және алдағы жоспарлар туралы хабарлама  жасады.

Жасқайрат ауылдық кітапханасының кітапхана-шысы А.Иманғазиевтың ұйытқы болуымен өткен «Кітапханадағы бір күн» ақпараттық саяхатынан соң, жергілікті жас оқырмандардың қатысуымен «Менің сүйікті шығармаларымнан» тақыры-бында әдеби-сазды кеш ұйымдастырылды.

Семинар одан әрі «Бір өлке – бір жазушы» акциясы аясында М.Отаралиевтың шығармаларын насихаттау бағытында «Шалқар шабытты, арқалы Марат ақын» атты Тұщықұдық, Аққыстау  ауылдық округтеріне қарасты кітапханалар қызметкерлері даярлаған әдеби вернисаж кешіне ұласты. Онда алдымен Ақкөл ауылдық кітапханасының кітапханашысы А.Ғилимова ақынның  өмір жолдарынан сыр шертетін « Ақ Жайықтың алтын ұлы»  тақырыбындағы көрмеге шолу жасаса, Тұщықұдық ауылдық кітапханасының кітапханашысы Н.Хамметова «Ұшқыр ойдың иесі –Марат ақын» атауымен  ақынның сырға толы өлеңдерінен көркемсөз оқып, жеке өмірі жөнінде жасақталған  деректерімен таныстырды. Ал бұдан соң сөз алған  қызылүйлік кітапханашы Г.Ниғымашева мен Өркен ауылдық кітапханасының кітапханашысы Ә.Жұмабаева «Библишар», «Мозайка сырларын» ұйымдастырып,  көпшіліктің ақын туралы мол мағұлмат алуына ықпал етті.

Шараны аудандық орталық кітапхана әдіскері С.Көбеева қорытындылап, қатысушыларға ескерткіш сыйлықтар табыстады. Сонымен бірге бұл шараның мәнді де мазмұнды өтуінде ауыл өнерпазы Л.Қуандықова  мен Қамысқала ауылдық округі әкімі Р.Әнуарбекқызының да  еңбегі барын атап өтуді жөн көрдік.

                                                                   

Маусым

ТУЛЕУИШОВА,

аудандық кітапхана

 библиографы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521