Кәсіп ашу үшін көп қаржы керек емес

Өткен аптада аудан кәсіпкерлері мен кәсіп ашуға ниетті жастардың сұранысына орай «Атамекен» кәсіпкерлік палатасы Исатай аудандық филиалының ұйымдастыруымен «Мемлекеттік және квази мемлекеттік сатып алу веб-порталдарымен жұмыс жасауды үйрену» тақырыбында семинар-тренинг өтті.

Оған Атырау облысы кәсіпкерлер палатасының жобаларды сүйемелдеу бөлімінің сарапшы маманы Еркебұлан Баделов шақыртылып, ол мемлекеттік сатып алу заңдылықтарымен және веб-порталмен жұмыс жасау жөнінде түсініктер берді. - Қазіргі таңда белгілі бір кәсіппен айналысу үшін біз көп ақша қажет деп ойлаймыз. Негізі олай емес. Бүгінге дейін көптеген адамдар Қазақстан бойынша өз кәсіптерін ашып, мемлекеттік сатып алу арқылы кәсіптерін бастап та кетті. Іс ашу оңай, егер соған сай біліміңіз болса. Өйткені, көп қателік білімсіздіктен болады. Бүгінгі шараға да ауданда мемлекеттік сатып алу арқылы ең төменгі бағаны ұсынып, арнайы шарттарға сай жұмыс жасауға болатыны жөнінде түсінік беру үшін арнайы келдім,- дей келе, сарапшы конкурс тәсілімен, баға ұсыныстарын сұрату, бір көзден алу, аукциондар, тауар биржалары арқылы тәсілдерді жас кәсіпкерлерге тереңірек түсіндірді.

- «Мұндай семинарлар бұған дейін де ауданда басқа тақырыптарда өтіп жүр. Бұл ауқымы кең тақырып. Мемлекеттік сатып алулардың тиімді жүйесі оның дамуын ынталандыратын, экономикаға мемлекеттік тапсырыстар жүйесінің ықпалы нысандарын тудыра отырып, бизнесті реттеудегі мемлекеттің мүмкіндігін арттырады. Бұл мемлекеттік қажеттіліктерді қанағаттандырудың барынша қолданылымды әдісін таңдауда мемлекет үшін де өнім беруші үшін де тапсырысты алуда және өзін жақсы жағынан көрсетуде мемлекеттік қажеттіліктерді қанағаттандырудың пәрменді тәсілі» деді өз кезегінде семинарды ұйымдастырушы «Атамекен» кәсіпкерлік палатасы Исатай аудандық филиалының директоры Нұрым Мусин.

Анаргүл ҚҰСАЙЫНОВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521