Кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінде – жаңа басшы

Исатай ауданының әкімі Полымбет Хасановтың 2023 жылғы 24 қаңтардағы №18 өкіміне сәйкес, ағымдағы жылдың 25 қаңтарынан бастап аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөліміне жаңа басшы тағайындалды. Бөлім тізгінін Ермұханов Қадыржан Көшерұлы ұстады.

Қ.Ермұханов 1962 жылы Исатай ауданы, Тұщықұдық ауылында дүниеге келген. Ұлты-қазақ, білімі-жоғары. 1991 жылы Батыс  Қазақстан ауыл шаруашылық институтынан «Зоотехник» мамандығы бойынша тәмамдаған. Отбасылы.

_dsc0140

Еңбек жолын 1979-1980 жылдары Исатай ауданы, Аққыстау селосы «Жайықмұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармасында жұмысшы қызметіннен бастаған. Әр жылдары зоотехник қызметін атқарған. 2009 жылы мемлекеттік қызметке келіп, Исатай аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің Бас маман міндетін атқарушы қызметіне тағайындалады. 2022 жылдан осы уақытқа дейін Аққыстау ауылдық округі әкімінің аппараты, Бас маман міндетін уақытша атқарушы қызметінде жұмыс атқарады. Жалпы еңбек өтілі 37 жыл.

_dsc0146

Жиын барысында аудан әкімі Қадыржан Көшерұлын жаңа лауазымымен құттықтап, нәтижелі жұмыстар жасауды, ауданның кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы саласын дамытуды, шаруагерлер және кәсіпкерлерімен қоян-қолтық жұмыс жүргізуді тапсырды.  Артылған сенім мен жауапкершіліктің үлкендігін айта отырып, қызметіне сәттілік тіледі.

Жайна МӘЛІМҚОЖА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521