Исатай ауданы әкімі Марат Мурзиевтың өкімімен 2019 жылғы 1 шілдеден бастап Өтегенов Нұрберген Мұратұлы аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөліміне басшы болып тағайындалды.
Н.Өтегенов 1988 жылы Қызылқоға ауданы, Миялы ауылында дүниеге келген. Ұлты - қазақ, білімі - жоғары. 2011 жылы Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетін «Туризм» мамандығы бойынша бiтiрген.
Еңбек жолын 2007 жылы жеке өндіріс секторларында бастаған.
2009-2011 жылдары Атырау қалалық Ішкі істер басқармасында полиция сержанты қызметін атқарған. 2011-2016 жылдарда да жеке секторларда қызмет атқарып, 2017 жылы мемлекеттік қызметке келіп, 2017-2018 жылдары аудан әкімі аппаратының мемлекеттік қызмет көрсетуді бақылау және ұйымдастыру бөлімінің бас маманы, 2018 жылдан бастап сол бөлімнің басшысы қызметін атқарды.
Отбасылы.
ӨЗ ТІЛШІМІЗ
Суретті түсірген Ә.ШАРАПИДЕНОВ