Қ.Тоқаев қазақстандық волонтерлерді халықаралық қозғалыстарға белсенді қатысуға үндеді

 Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық волонтерлер форумында қазақстандық еріктілерді халықаралық қозғалыстарға белсенді қатысуға үндеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

«Төртіншіден, волонтерлік және қайырымдылық қызметтің институционалдық инфрақұрылымы қажет. Бізге волонтерліктің адами әлеуетін, ұйымдастыру және техникалық мүмкіндіктерін өңірлік және халықаралық деңгейлерде нығайту керек», - деді Президент.

Мемлекет басшысы бұл салада да халықаралық әріптестік маңызы зор екеніне тоқталды.

«Бесіншіден, бізге волонтерлік қызметтің халықаралық әріптестігіне көбірек көңіл бөлу қажет. Біздің волонтерлер бұдан да кең ауқымдағы халықаралық волонтерлік желінің бір бөлшегіне айналып, жаһандық қозғалыстарға қатысу керек», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521