Кәмелетке толмағандардың еңбегін пайдаланушылар бар ма?

Исатай ауданында «Жұмыспен қамту» атты акция өтті.

26 шілде мен 1 тамыз күндері аралығында болып өткен шара жазғы демалыс кезінде кәмелетке толмағандардың, оның ішінде полиция органдарының есептерінде және қолайсыз отбасыларында тұратындардың бос уақыты мен жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету мақсатында ұйымдастырылды.

Акцияны өткізу барысында әкімдіктерге, білім беру, денсаулық сақтау, еңбек және әлеуметтік қорғау органдарына сондай-ақ «Жас Отан» жастар қанатының аудандық филиалына көмек көрсету туралы хаттар жолданып, сонымен қатар, аудандық білім бөлімі және жастар ұйымы өкілдерімен бірлесіп, аудан орталығында орналасқан барлық меншік нысандарын, атап айтқанда, көңіл көтеру орындары, көлік жуатын орындар, құрылыс алаңдарына кәмелетке толмағандардың еңбегін пайдаланушылардың бар-жоғын анықтау мақсатында тексерістер жүргізілді. Тексеру барысында еңбек заңнамаларын бұза отырып, еңбекпен қамтылған кәмелетке толмағандар анықталған жоқ.

Акция кезінде Исатай АПБ-нің есебінде тұрған қолайсыз отбасыларда тәрбиеленіп жатқан кәмелетке толмағандарды қала сыртындағы жазғы және мектеп жанындағы лагерьлердің, спорт секцияларының жұмысына және басқа да бос уақыттарын тиімді пайдалану мақсатында тиісті орындарға «Жайсыз отбасы» балаларының тізімі көрсетіліп хаттар жолданды. Ауылдық округтерде, балабақшаларда ата-аналармен кездесіп, жасөспірімдердің бейтаныс адамдармен мінез-құлық, судағы, жолдағы демалыс орындардағы қауіпсіздік ережелерін түсіндіру бағытында жұмыстар жүргізілді.

Ж.Сапенова,

Исатай АПБ ЖПҚб ЮПТ УПИ-ы, полиция аға лейтенанты

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT