Қамысқала ауылдық округінің әкімі өз таңдауын жасады

Қамысқала ауылдық округіне қарасты №128 сайлау учаскесінде  дауыс беру қызу жүруде. Аталмыш сайлау учаскесінде  5 бақылаушы,1 сенім өкілі бар. Ауыл әкімі Рафиғат Тәжиденова да  №128 сайлау учаскесіне келіп,дауысын беріп, өз таңдауын жасады.

–Мен де бүгінгі ауданымыздың әкімін сайлау үшін өзім тіркелген 128-ші учаскеге барып, дауысымды бердім. 
Қазіргі таңдағы Президентіміздің тапсырмасына сай жергілікті халықтың өз әкімдерін сайлап алуы- ауыл-аймақтың одан әрі өркендеуіне азаматтардың белсене араласуын арттырады. Ауыл тұрғындары бүгінгі сайлауға көптеп, тіпті отбастарымен келіп жатырғаны қуантып отыр. Мен де жолдасыммен бірге бардым. Ауылда құдды бір мереке өтіп жатырған тәрізді,-деді,ол бізбен болған қысқа әңгімесінде.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521