Қамысқала ауылдық мәдениет үйінің жаңа директоры болып Талғат Сатыбаев тағайындалды.
Ол осы салада 20 жылдан астам уақыт еңбек етіп, ауыл мен аудан мәдениетінің дамуына сүбелі үлес қосқан тәжірибелі маман.
Бұған дейін мәдениет үйінің директоры қызметін абыроймен атқарған Жібек Сағидоллақызы зейнетке шыққаннан кейін, бұл міндетті уақытша Талғат Сатыбаев атқарып келген болатын. Ал бүгін, 20 наурыз күні ол бұл лауазымға ресми түрде бекітілді.
Талғат Құжырбайұлы – ұжымда ерекше беделге ие, еңбекқор, өз ісіне адал жан. Музыкалық жетекші ретінде де ол талай мәдени іс-шаралардың жоғары деңгейде өтуіне атсалысып, Қамысқала ауылындағы өнердің өркендеуіне ықпал етті.
Оның жаңа қызметі ауыл мәдениетінің дамуына тың серпін беріп, өнерсүйер қауым үшін жағымды жаңалық болмақ.
Әсел ТАБИҒАТОВА