Қамысқала сайлаушыларының 50 пайызы дауыс берді

 

Қамысқала ауылдық округіндегі Ғ.Мәсәлімов атындағы орта мектеп ғимаратында орналасқан №128 сайлау учаскесінде ауыл тұрғындары белсенділік танытуда. Таңертеңнен бастап дауыс беруге келген халықтың легі толастамай, әрқайсысы ел болашағы үшін өз таңдауларын жасауда.

Сайлау комиссиясы ұсынған мәліметке сүйенсек, сағат 16:50-дегі жағдай бойынша тізімге енгізілген сайлаушылардың 50 пайызы өз бюллетеньдерін алып үлгерген. Бұл – ауыл тұрғындарының азаматтық жауапкершілігінің, белсенді ұстанымының айқын көрінісі.

Сағат 17:00-ге қарай дауыс беру қарқыны бәсеңдеген жоқ, учаскеде жылы атмосфера мен ұйымшылдық байқалады.

 

 

Сағыныш Қайыр

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Республика күні

AQPARATPRINT