Қамысқала тұрғындары азаматтық борышын белсенді орындауда

 

Қамысқала ауылдық округіндегі №129 сайлау учаскесінде бүгін дауыс беру қарқынды жүріп жатыр.

Бұл учаскеге ауылдық округке қарасты Ауқайран және Жасқайрат елді мекендерінің тұрғындары тіркелген. Жалпы сайлаушылар саны — 1055 адам.

Аталған сайлау учаскесінің басты ерекшелігі үйден дауыс беруге өтініш білдірген тұрғындар саны көп. Атап айтқанда 42 үйден сайлаушылар дауыс беруге өтініш білдірген. Дауыс берушілер арасында ең жасы — 18 жастағы жас сайлаушы болса, ең үлкені — 93 жастағы қария. Бұл көрсеткіш учаске тұрғындарының әр буынының сайлауға деген жауапкершілігін көрсетеді.

 

 

№129 сайлау учаскесінің төрағасы Құрманғали Наубетов саяси науқанға өзіндік пікірін білдірді.

-Мен 1991 жылдан бері осы сайлау учаскесінде қызмет атқарып келемін. Біздің учаскенің бір ерекшелігі – үйден дауыс берушілердің басым көпшілігі бізде. Халықтың белсенділігі бір қалыпты деңгейде. Егер 1998 жылдарға шегініс жасасақ, сол кезеңдерде халықтың белсенділігі өте жоғары болды, оппозициялық қозғалыстар да байқалатын. Ал қазіргі таңда сайлауға деген көзқарас жақсы, халықтың саяси сауаты да артып келеді, – дейді төраға.

Қамысқала ауылдық округіндегі сайлау тыныш әрі ұйымшыл түрде өтіп жатыр. Тұрғындар өз таңдауын жасап, азаматтық борыштарын белсенді орындауда.

 

Е.ЗИНЕДЕНОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Республика күні

AQPARATPRINT