Қамысқала ауылдық округіне қарасты №128 сайлау учаскесінде дауыс беру жалғасуда. Ауданымызда бірнеше өндіріс орны бар екені белгілі. Аталған сайлау комиссиясының төрағасы Парух Қабиевтың айтуынша
-Біздің учаскемізге өтініш бойынша Оңтүстік Шығыс Новобогат,Оңтүстік Батыс Қамысты, Оңтүстік Шығыс Қамысты кен орын жұмысшылары дауыс беруі үшіг комиссия мүшелері барып, жұмысшылардың дауысын алуда. Кен орында 95 жұмысшының дауыс беру құқығы бар,- деді ол
Комиссия мүшелері кен орындарға барып қызметкерлерден дауыстарын алды.
Қамысқалада ұйымшылдықпен дауыс беру қызу жүруде.